«Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол!» Жолдауын және 2015-2019 жылдарға арналған ҚР ИИДМБ іске асыру аясында Қазақстан экономикасының басым салаларына білікті кадрларды даярлайтын ЖОО-лар анықталды», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда базалық ЖОО-ларда 4 700 магистрант білім алуда. Соның ішінде 2015 жылы - 1 900 адам, 2016 жылы 2 800 адам қабылданған.
Оқытудың екінші курс магистранттары қазіргі таңда ИИДМБ кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуде. Тәжірибе өту барысында магистранттарға магистрлік жобаларды орындау мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, 2017 жылдың бірінші тоқсанында алғашқы 1 900 магистрант жұмыс істеу үшін ИИДМБ кәсіпорындарына жіберіледі. Әрбір магистрантпен олардың оқуға қабылданған сәтінен бастап бұдан арғы жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін үшжақты шарттар (білім алушы-ЖОО-кәсіпорын) жасалынды.