Келесте анасы мен қызын өлтірген күдіктіні алқа билер соттайды

Фото: Фото: freepik.com

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Біршама уақыт бұрын ауыл тұрғыны бір отбасындағы анасы мен оның 16 жастағы қызын аса қатыгездікпен өлтірген болатын. Күдікті де көп ұзамай қолға түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Түркістан облысы сотының баспасөз қызметі аталған іске қатысты сот ісі ашық түрде өтетіндігін мәлімдеді. 

«Екі адамның өліміне қатысты күдіктінің ісін алқа билер қарайды. Қазір алқа билерді іркітеу процесі жүріп жатыр. Сот отырысы ашық түрде өтеді» — деді ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, мұғалім болып қызмет атқаратын ер адам 16 жасар қызға тиісіп келген. Мұны білген анасы күдіктінің үстінен арыз түсіріпті. Содан кейін жұмыстан қуылған ол бір үйдің екі адамынан кек алған көрінеді.

Ал, Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша күдікке алынған ер адам білім саласында қызмет атқармайтындығын мәлімдеді.