Келіссөздің келесі раунды 17-18 ақпанда АҚШ-та өтеді – Зеленский

Фото: Anadolu

АСТАНА. KAZINFORM – Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонның Ресеймен келіссөздің жаңа кезеңін 17 және 18 ақпанда АҚШ-та өткізу туралы ұсынысын қабылдады. Алайда Ресейдің бұл күндер мен орынға келісу-келіспеуі туралы әзірге ақпарат жоқ, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Агенттікттіктің шамалауынша, Украина және АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздің жаңа кезеңінде өкілдер «күрделі аумақтық мәселеге назар аударып», АҚШ-тың Донбаста буферлік «еркін экономикалық аймақ» құру туралы ұсынысын талқылайды.

Зеленскийдің айтуынша, екі тарап та бұл идеяға күмәнмен қарайды.

- Біздің бұл мәселе бойынша көзқарасымыз әртүрлі. Біз келесі мәселе бойынша келістік: келесі кездесуге бұл қалай көрінуі мүмкін деген көзқараспен оралайық - деді Зеленский Bloomberg агенттігіне.

Еске сала кетсек, Ресей, Украина және АҚШ арасындағы Абу-Дабидегі үшжақты консультациялардың екінші күнінде тараптар 314 тұтқын алмасу туралы келісімге келді.