Олар циркке келушілерді жолбарыстың арқасына отырып, суретке түсуге шақырды, деп хабарлады The Independent.
Қытайда жолбарысқа міну ібілістен қорғайды және байлық әкеледі деп есептейді.
Қытайлық видеоплатформаның жасырын пайдаланушысы жануарды қорлаған видеоны түсіріп, роликті әлеуметтік желіде жариялады. Жолбарыс бірнеше сағат бойы қозғалмақ түгілі, басын да көтере алмаған. Бұл уақытта келушілер оған мініп, суретке түсіп жатты.