«Кембридж әдістемесі бойынша, жалпы білім беру мектептерінің 1-11 сыныптарына арналған қазақ тілін оқытудың деңгейлік білім беру бағдарламалары жасақталды, - деп атап өтті министр. - Биыл жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар кешені сынақтан өтуде. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап, елдегі мектептерде қазақ тілін деңгейлік оқыту енгізіледі».
Сонымен қатар, министр елдегі ағылшын тілінің оқытылу деңгейіне тоқталды.
Оның сөзі бойынша, мектептерде ағылшын тілін оқыту әлі де қанағаттанарлық деңгейде емес.
«Ағылшын тілі британ баспасынан шыққан оқулықтармен оқытылуда. Ағылшын тілінің аптасына тек екі сағат қана өткізілуінен білім сапасы төмен қалып отыр», - деді А. Сәрінжіпов.