Онда министр энергетикалық жабдықтың ағымдағы жай-күйімен, жөндеу науқанының барысымен танысты.
Энергия кәсіпорнының басшылығымен кездесу барысында жылыту маусымының өзекті мәселелері, оның ішінде қазандықтардың апатты тоқтап қалуының алдын алу, алдағы жылыту маусымына дайындық, жөндеу жұмысын уақтылы, сапалы жүргізу мәселесі талқыланды.
Биыл №5, 6, 7, 12 қазандықтарда ағымдағы жөндеу, №8, 9, 11 қазандықтарда газ тығыздағыш оттыққа ауыстыра отырып қайта жаңарту, ал №10 қазандық бойынша 2024 жылы аяқталуы жоспарланған жұмыстың ұқсас көлемі жоспарланған.
Сметалық құны - 13,7 млрд теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен бұл жұмысқа 1 млрд теңге бөлінді.
Бүгінгі күні қайта құру бойынша № 9, 10 қазандықтардың қаптамасын демонтаж жұмыстары басталды.
Сондай-ақ «КентауСервис» МКК мен «ЭМ-Холдинг» ЖШС арасында № 5, 6 қазандықтарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына меморандум жасалды.
№5, 6 қазандықтар ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр.
Станция жұмысының тұрақтылығын жақсарту үшін №7, 12 қазандықтарды ағымдағы жөндеуге меморандум жасалды.
№7, 12 қазандықтарда диірмендердің броньдарын, түтін сорғышты, төменгі коллектордан төменгі бекітуге дейінгі экран құбырларын, ЖҚП бөлшектеу бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Жүргізілген реконструктивтік жұмыстарды ескере отырып, ЖЭО негізгі жабдықтарының тозуы - 87%.
Қазіргі уақытта кәсіпорында орташа жалақы - 166 мың теңге.
Жалақыны 200 мың теңгеге дейін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада Алмасадам Сәтқалиев Риддер, Екібастұз, Алматы және облыс, қалалда жұмыс сапарымен келіп, ЖЭО-ның алдағы жылу маусымына дайындығын тексереді және өңірлердің тұрғындарымен кездеседі.