Кентаудағы орталық базар маңында жеңіл көлік өртеніп кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында жеңіл көлік жанып кетті. Оқиға орталық базар маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қала тұрғындарының көз алдында өртенген «Ауди» көлігін иесі дәріхананың қасына қойып кеткен екен. Жалын жарпыған көлікті тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алып, youtube әлеуметтік желісіне салған. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан. Бұл уақытта көліктің иесі базарға кетіп қалған болып шықты. Абырой болғанда, жалын сол маңдағы нысандар мен өзге көліктерді шарпымаған. Сөндірушілер дер кезінде тілсіз жауды ауыздықтай алды.