«Оқулыққа қатысты тоқталсақ, бұл тұрғыда көп мәселелер көтерілуде. Себебі бұл оқу материалы мұғалімге де, балаға да қажет болғандықтан, оның сапасы өте маңызды», - деді министр.
К. Шамшидинова білім берудің жаңартылған мазмұны елімізде 2016 жылдан енгізілгенін еске салды.
«Осы жүйе концептуалды жаңа қадам болды. Бұл жағдайларда мұғалімдерді, сарапшыларды оқыту жүріп жатыр. Сонымен қатар, автор да оқулықты тиісті деңгейде жазуға дайын болуы тиіс. Әрине, осы кезеңде оқулықтар бойынша белгілі бір проблемалар бар», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, жақында сарапшылық комиссия өз жұмысын аяқтады.
«Республикалық комиссия сараптамалық комиссияның қорытындысын қарағанан кейін, оқулықтардың тиісті көлемін оқу процесіне жіберді. Республикалық комиссия тарихында алғаш рет бірқатар оқулық қосымша сараптамадан өткізуге қайтарылды. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі қосымша сараптаманы ұйымдастырады, осы шараларға мүлдем басқа мамандар тартылады», - деді ол.