«Қазақстан аумағындағы өзен ағысы 1895-1960 жылдар кезеңімен салыстырғанда 12,5 текше шақырымға азайды. Оның ішінде 9 текше шақырым немесе қысқарған жалпы көлемінің 72%-ы жергілікті өзендердің үлесіне. Ал қалған 28%-ы немесе 3,5 текше шақырым трансшекаралық өзендерге тиесілі. Жергілікті өзендер ағынының қысқаруы Балқаш-Алакөл және Тобыл-Торғайдан басқа барлық бассейнде болды», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған тұжырымдама-жобасында.
Бұрын хабарлағанымыздай, аталған жоспарды орындау аясында 2029 жылға дейін Қазақстан бойынша 25 жаңа су қоймасы салынады.
Сонымен қатар, су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді.