Кейінгі бес жылда акциялар нарығын капиталдандыру қаншалықты ұлғайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасында акциялар шығарылымдарының саны 2 есе өсті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасын талқылау кезінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті.

Фото: freepik

- Қазіргі уақытта капитал нарығы оң серпінді көрсетіп отыр. Cоңғы бес жылда акциялар нарығын капиталдандыру 115%-ға ұлғайып, 44,7 трлн теңгені құрады. Қазақстан қор биржасында акциялар шығарылымдарының саны 2 есе өсіп, 111 шығарылымды құрады, - деді М. Әбілқасымова.

Осы орайда агенттік басшысы облигациялар нарығының көлемі 16,5%-ға ұлғайып, 16,7 трлн теңгені құрады. Қазақстан қор биржасындағы эмитенттер саны 70-тен 158-ге дейін өсті.

Еске салсақ, былтыр елімізде алғаш рет мектеп KASE-де облигация шығарды.