КХДР Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс шарларын ұшырды

Фото: Фото: koreatimes.co.kr

СЕУЛ. KAZINFORM – Бүгін, 18 қараша күні таңертең Солтүстік Корея үш апталық үзілістен кейін Оңтүстік Кореяға 40-қа жуық қоқыс шарын ұшырды. Бұл туралы «Yonhap» агенттігі хабарлады.

Қоқыс шарларының жартысына жуығы Сеул мен Орталық Кионги провинциясына түсті.

Хабарламада сондай-ақ шарлардың ішінде Оңтүстік Кореяны сынайтын парақшалар болғаны және қауіпті материалдардың болмағаны айтылған.

Сеул Солтүстік Кореяның қоқыс шарларын ұшыруы «тым шектен шығу» өткенін мәлімдеді.

– Біздің сарбаздарымыздың сабырын сынамаңыздар, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея тағы да Оңтүстік Кореяға қоқыс толтырылған шарларды ұшырғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ 2 маусымда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс шарларын ұшырған болатын.