Белгісіз үлгідегі ракета Канвондо провинциясынан ұшырылып, нысанаға дейін 250 шақырым ұшып өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
Аталып өткендей, бұл Пхеньян мен Вашингтон арасында өзара қоқан-лоқылар басталған уақыттан бергі алғашқы ұшырылым.
Бұған дейін КХДР Гуам аралындағы Американың базасына шабуыл жасайтындығын айтып, сес көрсеткен болатын, ал АҚШ президенті Дональд Трамп «әлі ешкім көрмеген» жауапты соққы жасауға уәде етті.
Еске салайық, дүйсенбі, 21 тамыз күні АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерилері бірлескен оқу-жаттығуларды бастады . КХДР мұны Корея түбегіндегі шиеленісті күшейтуге бағытталған дұшпандық әрекеттер деп бағалады.