ҚХЛ: «Барыс» алғашқы кездесуінде «Нефтехимикке» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Кездесу барысында елордалық командадан Уэйд Эллисон 36- минутта есеп ашса, ресейлік клубтан Владимир Брюквин 49-минутта таразы басын теңестірді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Негізгі кезеңде 1:1 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда «Нефтехимик» жеңіс шайбасын соғып кетті.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Екі команда бұған дейін 45 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Биыл елордалық клуб алғашқы төрт ойынын өз алаңында өткізеді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Алдымен бүгін «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, одан кейін 6 қыркүйекте «Трактор» (Челябі), 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларымен шеберлік байқасады.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Елордалық команда жаңа маусымға дайындық алдында бас бапкері қызметіне канадалық Дэвид Немировскиді шақырды. 1993-2014 жылдар аралығында хоккейші ретінде ойын көрсеткен ол 2018 жылдан бері бапкерлік қызмет атқарып келеді.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.