Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 14 ойыннан кейін 16 ұпаймен он үшінші орында тұрса, «Автомобилист» (Екатеринбург) 13 ойыннан кейін 14 ұпаймен он бесінші орынға жайғасқан.
Елордалық команда соңғы алты ойынның үшеуінде қатарынан жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.
Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның екеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.
Қазақстандық команда бұдан кейін қатарынан тоғыз кездесуді сырт айдында өткізеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық команда өз алаңында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына есе жіберді.