ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Адмиралмен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 21 қазанда Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 14:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 17 ойыннан кейін 20 ұпаймен сегізінші орында тұрса, «Адмирал» 16 ойыннан кейін 15 ұпаймен он тоғызыншы орынға жайғасқан.

Елордалық команда соңғы алты ойынның төртеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның үшеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанали Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Қазақстандық команда бұдан кейін алты кездесуді сырт айдында өткізеді. Алдымен 26 қазанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен кездессе, одан кейін 28 қазанда Беларусьтің «Динамо» (Минск), 30 қазанда Қытайдың «Шанхайские Драконы» (Шанхай) клубтарымен ойнайды.

Одан кейін 4 қарашада Ресейде «Трактор» (Челябі), 6 қарашада «Адмирал» (Владивосток), 8 қарашада «Амур» (Хабаровск) клубтарымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Амурға» есе жіберді.