ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Авангардпен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 20 қарашада елордада Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 27 ойыннан кейін 29 ұпаймен он бесінші орында тұрса, «Авангард» клубы 26 ойыннан кейін 32 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасқан.

Елордалық команда соңғы алты ойынның екеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің бесеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Айта кетсек, бұдан кейін қазақстандық клуб екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 22 қарашада Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездессе, одан кейін 25 қарашада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Салават Юлаевқа» есе жіберді.