ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде мәскеулік «Динамомен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 18 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 21:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 36 мәрте шеберлік байқасты. Оның 16-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің екеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 32 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Автомобилист» 48 ұпаймен 6-орында келеді.
Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын 2026 жылы қаңтар айында сырт айдында өткізеді. Алдымен 6 қаңтарда Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасса, одан кейін 8 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан), 10 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 12 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Автомобилистен» басым түсті.