ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей клубы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 29 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен 16:30-деабасталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Қазірге дейін командалар 75 мәрте шеберлік байқасты. Оның 24-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Салават Юлаев» 48 ұпаймен 1-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын сырт айдында өткізіп, 1 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Салават Юлаевқа» есе жіберді.