ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Нефтехимик» командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей клубы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 24 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубына қарсы өткізеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 39 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Нефтехимик» 55 ұпаймен 12-орында келеді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 28 қаңтарда «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында төртінші жеңісіне жетті.