ҚХЛ: «Барыс» елордада қатарынан үшінші мәрте жеңілді

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында елордалық команда алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Джейк Масси есеп ашса, ресейлік клубтан Александр Шаров,Никита Шашков, Максим Тарасов, Рид Буше бір-бір мәртеден көзге түсті.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Барыс (Астана) - Автомобилист (Екатеринбург) 1:4 (1:2, 0:1, 0:1)

1:0 - Масси (Кайыржан, Омирбеков) - 09:48

1:1 - Шаров (Да Коста, Буше) - 14:24

1:2 - Шашков (Хрипунов, Воробьёв) - 18:42

1:3 - Тарасов (Осипов, Бывальцев) - 31:03

1:4 - Буше - 59:07 ПВ

Қақпашылар: Бояркин - Алики.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Бұл - олардың қатарынан үшінші жеңілісі.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазірге дейін командалар 59 мәрте шеберлік байқасты. Оның 33-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстандық клуб бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 27 желтоқсанда Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасымен шеберлік байқасады.