ҚХЛ: «Барыс» қатарынан бесінші мәрте жеңіліп қалды

Фото: «Барыс» хоккей клубы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубына қарсы өткізді.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізуге тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңде ресейлік команда гол соғып кетті. Одан кейінгі кезеңдерде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді. Бұл - олардың қатарынан бесінші жеңілісі.

Барыс (Астана) - Нефтехимик (Нижнекамск) 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)

0:1 - Точилкин (Федотов, Хоружев) - 05:07

Вратари: Шил - Озолин

Қазірге дейін командалар 44 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 17 қаңтарда Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасады.