ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 20 қарашада елордада Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді.

Фото: «Барыс» ХК

Кездесу барысында ресейлік команда алғашқы кезеңде белсенді ойын көрсетті. Нәтижесінде олар қатарынан екі шайба соғып үлгерді. Екінші кезеңде командалар бір-бір мәртеден көзге түсті.

«Авангард» (Омбы, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 3:1 (2:0, 1:1, 0:0)
Голдар

1:0 — Ливо (Лажуа, Маклауд) — 10:11
2:0 — Ливо (Окулов) — 14:25 ГБ
3:0 — Потуральски (Ливо, Гуляев) — 21:09
3:1 — Шайхмедденов (Данияр См., Маккошен) — 31:11

Қақпашылар: Просветов — Николаев.

Осылайша, «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді. Бұл -олардың қатарынан екінші жеңілісі. Одан бұрын қазақстандық команда Ресейде «Салават Юлаевтан» айласын асыра алған жоқ. 

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 28 ойыннан кейін 29 ұпаймен он бесінші орынды сақтап қалса, «Авангард» клубы 27 ойыннан кейін 34 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.

Елордалық команда соңғы алты ойынның екеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің бесеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Айта кетейік, бұдан кейін қазақстандық клуб екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 22 қарашада Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездессе, одан кейін 25 қарашада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.