АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 21 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Кездесу барысында ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан 12-минутта Артур Фаизов мергендік танытты. Десе де көп ұзамай қазақстандық команда таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. Оны 15-минутта Джейк Масси өзінің еншісіне жазды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Екінші кезеңде «Барыс» тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Көбірек шабуылға көңіл бөліп, есепті ұлғайтатын мүмкіндікті іздеді. Ойынның 32-минутында қазақстандық шабуылшы Әлихан Әсетов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Айта кетсек, бұл - елордалық клубтың қатарынан үшінші жеңісі.
Нәтижесінде олар турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен екі сатыға жоғарылап, 16-орынға жайғасты.
Ал «Салават Юлаев» 23 ұпаймен 19-орынды сақтап қалды.
Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын елордада өткізіп, 23 қарашада Ресейдің «Авангард» (Омбы) клубымен шеберлік байқасады.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.