ҚХЛ: «Барыс» «Металлург» командасынан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 15 қарашада елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ресейлік команда биыл біріншілікте жинақы ойынымен көзге түсіп келеді. Қазірге дейін 25 ойыннан кейін 39 ұпай жинап, ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында көш тізгінін қолға алған олар әрбір кездесуде жеңіске жетуге күш салып жүр.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ал елордалық клуб алғашқы он алты команданың арасынан көрінуге ұмтылып отыр. Бұл плей-офф сатысына жолдама алуға мүмкіндік береді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде елордалық клуб төрт шайба соқса, оған ресейлік ұжым екі голмен жауап қайырды.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Шешуші кезеңде елордалық клуб бір мәрте көзге түссе, ресейлік команда екі шайба соқты.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) 5:4 (2:1, 2:1, 1:2)

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Шайбалар:

0:1 — 05:12 Рубин (Джонсон, Яковлев).
1:1 — 14:37 Бэйли (Приски, Морелли).
2:1 — 15:14 Приски (Пилон, Морелли).
3:1 — 21:24 Бэйли.
3:2 — 29:18 Нечаев (Ткачёв, Силантьев).
4:3 — 37:41 Бэйли.
4:3 — 52:39 Тодд (Вовченко, Толчинский).
5:3 — 58:11 Савицкий.
5:4 — 58:50 Вовченко (Тодд, Провольнев).

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қақпашылар: Шутов — Заврагин 00:00–21:24, Смолин 21:24–60:00.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 29 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Енді елордалық клуб алдағы екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 18 қарашада Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) клубымен кездессе, одан кейін 20 қарашада «Авангард» (Омбы) командасымен ойнайды. 

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Еске салсақ, бұдан бұрын Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық команда Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубын жеңді.