Кездесу барысында бірінші кезеңде қазақстандық команда қарсыластар қақпасын бір мәрте дәл көздеді. Екінші кезеңде ресейлік клуб бір шайба, «Барыс» екі шайба соғып кетті. Шешуші кезеңде командалар бір-бір шайбадан алмасты.
Авангард (Омбы) - Барыс (Астана) 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)
- 0:1 - Логвин (Морелли, Уолш) - 12:34
- 0:2 - Асетов - 22:55
- 1:2 - Пономарёв (Окулов) - 26:27
- 1:3 - Панюков (Асетов, Шайхмедденов) - 35:25
- 2:3 - Ибрагимов (Рашевский, Окулов) - 51:38
- 2:4 - Морелли (Веккьоне, Бояркин) - 59:37
Қақпашылар: Серебряков - Бояркин
Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2026 жылдың 6 қаңтарында 27 желтоқсанда Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен кездессе, одан кейін 8 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан), 10 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 12 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» ҚХЛ-де қатарынан төртінші рет жеңілді.