ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Нефтехимик» командасына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 29 қарашада Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу барысында алғашқы минуттан қазақстандық команданың белсінділігі байқалды. Нәтижесінде олар екі шайба соғып үлгерсе, оған ресейлік ұжым бір голмен жауап қайырды. Одан кейінгі екі кезеңде ресейлік клуб үш мәрте көзге түсті.

«Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:2 (1:2, 1:0, 2:0)

0:1 - Логвин (Дэй, Симонов) - 04:49

0:2 - Симонов (Пилон, Приски) - 06:22

1:2 - Петунин (Кол, Тянулин) - 10:55

2:2 - Тянулин (Федотов, Долганов) - 21:11

3:2 - Селезнёв (Точилкин, Кол) - 47:39

4:2 - Николишин - 59:59

Қақпашылар: Долганов - Шутов

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 32 ойыннан кейін 33 ұпаймен он үшінші орында тұрса, «Нефтехимик» 32 ойыннан кейін 39 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді.

«Барыс» командасының құрамы

Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Мәди Диқанбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәли Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Елордалық команда соңғы алты ойынның үшеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің төртеуінде елордалық клуб қарсыласына есе жіберді.

Елордалық клуб бұдан кейін бір кездесуін сырт айдында 1 желтоқсанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізеді.