Бүгінгі кездесуде ресейлік клуб ойын басынан тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде Денис Зернов 5, 11-минутта мергендік танытса, оған Линден Вей 15-минутта бір голмен ажуап қайырды.
Бұдан кейін Денис Зернов 21-минутта тағы бір мәрте қақпаны дәл көздесе, Григорий Дронов 22, Линус Виделль 35-минутта есепті ұлғайта түсті. Ойын барысында қазақстандық клубтан Якоб Берглунд 37-минутта гол соқты.
Кездесуде «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен жол берді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Магнитогорскіде өткен алғашқы кездесуде «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түссе , одан кейін 2:6 есебімен есе жіберді.
5 наурызда елордада болған тағы бір кездесуде қарсыласынан 3:5 есебімен сүрінді.
Осылайша жеңістер сериясында «Металлург» 3:1 есебімен алға шықты.
Енді тағы бір ойын 9 наурызда Магнитогорскіде өткізіледі. Бес матчта жеңімпаз анықталмаған жағдайда одан кейінгісі 11 наурызда елордада өтеді.