АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 24 қыркүйекте сағат 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 13-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес ойынның төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберген.
Айта кетсек, бұдан бұрын жеті кездесудің алтауында қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді.
Алдымен 26 қыркүйекте Ресейдің «Сочи» клубымен ойнаса, одан кейін 28 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командаларымен кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.