АСТАНА. KAZINFORM - Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы жартылай финалына шыққан командалардың жұбы анықталды.
Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 16 және 29 наурыз аралығында болады. Онда барлығы сегіз команда сынға түседі:
«Авангард» - «Локомотив»
«Динамо Мәскеу» - «Трактор»
«Металлург Магнитогорск» - «Спартак»
СКА - «Автомобилист»
Еске салсақ, елордалық «Барыс» биыл топтық кезеңде 22-орынды місе тұтып, плей-офф сатысынан тыс қалды.
Еске салсақ, бұдан бұрын хоккейден Қазақстан чемпионатында жартылай финалдағы командалар жұбы анықталды.
Жарыстың аталған сатысында «Арлан» (Көкшетау) мен «Сарыарқа» (Қарағанды), «Номад» (Астана) пен «Ақтөбе» командалары кездеседі.
Ойындар 14 наурыз бен 2 сәуір аралығында болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.