«Киіктерге браконьерлік ең өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Мәселен, 2013-2015 жылдар аралығында ішкі істер органдарында киіктерге заңсыз аңшылықтың көптеген фактілері тіркеліп, браконьерлер 1 мыңнан астам киікті жойған. 4,5 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленген. Сот үкімен 264 адам сотталды. Аталған үш жылдағы келтірілген шығын 1 млрд. теңдеген асады», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың 10 айының ішінде де ішкі істер органдарының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне киіктердің мүйізін заңсыз сату және сатып алу бойынша браконьерліктің 47 фактісі тіркелген.
«Аталған фактілер бойынша 55 адам ұсталды. Олардан 214 киіктің тұтас еті, 1222 киік мүйізі табылды. Сотқа 13 қылмыстық іс жіберілді», - деді Қоржынбаев.