«Құтқарушылар геолокация арқылы «Кімасар» шатқалында тоңып отырған 28 жастағы ер адамды тапты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарушылардың көмегімен қалаға эвакуацияланды», - деп хабарлады Алматы қаласының құтқару қызметінен.
Құтқару қызметіне қалалық төтенше жағдайлар департаментінен «Фурманов» шыңының аумағында жас жігіттің жоғалуына байланысты шақырту түскен.
Белгілі болғанындай, ол дауыл туралы ескерту хабарламаларға мән бермей, күндіз жалғыз өзі тауға шығып кеткен. Қараңғы түскенде келген жолын таба алмай, адасып қалған.
Бұған дейін «Кіші Алматы» шатқалында жарақаттанған баланың құтқарылғанын хабарлағанбыз.