Кіші Алматы шатқалында жарақаттанған жасөспірім құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 109 қызметінің құтқарушылары Кіші Алматы шатқалында жарақаттанған баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

14 жастағы турист «Мохнатка» тауының маңына демалысқа шыққан топтың ішінде болған.

«Тауда жарақаттанған жасөспірім туралы мәліметті Алматы қаласының Құтқару қызметіне қалалық ТЖД кезекшісі 16 сағат 25 минутта хабарлады. Тау базасындағы құтқарушылардың экипажы бірден Кіші Алматы шатқалына аттанды. Тізеден жарақат алған зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетілген соң, ол таудың төменгі жағында күтіп тұрған ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлеріне тапсырылды. Жарақат алған балаға дәрігерлік көмек көрсетіліп, оған стационарлық емнің қажет емес екендігі анықталды», - делінген қалалық құтқару қызметінің хабарламасында.

Мәлім етілгендей, жасөспірім тізе жарақатын тауға өрмелеу барысында алған.

Еске салайық, осы аптада туристерге қатысты Алматы тауларында тағы бір оқиға болған еді. Екі адам қар көшкінінің астында қалып, олардың бірі аман табылды.

Қаза тапқан турист Франция азаматы болып шықты.

Соңғы жаңалықтар