Қырғыз Республикасы мен Пәкістанның сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасы  Жээнбек Кулубаев пен Пәкістанның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мохаммад Исхак Дар телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы «Кабар» агенттігі жазды. 

Фото: ҚР СІМ

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында тараптар дәстүрлі достық сипаттағы және екіжақты деңгейде біртіндеп дамып келе жатқан екі елдің қарым-қатынасын әртүрлі салаларда, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде (БҰҰ, ШЫҰ, ИЫҰ және т.б.) нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті. 

Қырғыз Республикасының сыртқы саясат басқармасының басшысы 18 мамырда Бішкекте шетелдік студенттердің, соның ішінде Пәкістан азаматтарының қатысуымен болған оқиға туралы хабардар етіп, қоғамдық тәртіп толығымен қамтамасыз етілгенін және жағдай құзырлы органдардың бақылауында екенін баса айтты. 

Сонымен бірге, қырғыз тарапы осы оқиғаға және Қырғыз Республикасындағы жағдайға қатысты жалған және негізсіз ақпараттың шетелдік БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, соның ішінде Пәкістанда таралып жатқанына қатты алаңдаушылық білдірді. Жээнбек Кулубаев сенімді ақпаратты пайдаланудың, сондай-ақ Қырғыз-Пәкістан қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін Пәкістанның ақпараттық кеңістігінде жалған ақпарат пен жарияланымдардың жолын кесу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.  

Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің басшысы жағдайды толық түсінетінін және Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Қырғыз Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен пәкістандық студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдаған тиімді шаралары үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар олардың Қырғызстан Республикасындағы пәкістандық студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ тараптар 2024 жылы 21 мамырда Астана қаласында (Қазақстан) ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі аясында екіжақты кездесу өткізетінін, жуырда Бішкекте Қырғыз Республикасы мен Пәкістан арасындағы консулдық-құқықтық мәселелер бойынша министрлікаралық консультацияларды бірлесе ұйымдастыратынын сөз етті. 

Қырғызстан мен Пәкістан Сыртқы істер министрілігінің басшылары сөз соңында екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту жолында бірлесе жұмыс істейтін атап өтті.