Ұлттық банк дерегінше, 2025 жылдың соңында банк секторының жиынтық активтері 1 211,2 млрд сом болған.
Сонымен қатар банк секторы клиенттерінің несие портфелі 569,8 млрд сомға жетті. Бұл жыл басынан бері 12,4 пайызға көп. 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 507,0 млрд сомды құраған.
Банк жүйесіндегі жіктелген кредиттердің үлесі жалпы несие портфелінің 11,2 пайызына немесе 64,0 млрд сомға тең болды. 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 10,5 пайыз немесе 53,0 млрд сом болған.
Мерзімі өткен кредиттер көлемі 10,5 млрд сомды немесе банк жүйесі несие портфелінің 1,8 пайызын құрады. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 1,8 млрд сомға немесе 20,2 пайызға ұлғайған.
Банк секторының жиынтық міндеттемелері жыл басынан бері 28,5 пайызға өсіп, 1 273,3 млрд сомға жетті. 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 990,6 млрд сом болған.
Банк секторы клиенттерінің жалпы депозиттік базасы 924,1 млрд сомды құрады. Жыл басынан бері депозит көлемі 6,7 пайызға артқан. 2025 жылдың соңында депозиттік база 866,2 млрд сом болған.
Ұлттық банк белгілеген экономикалық нормативтерді есептеу үшін қолданылатын банк секторының таза жиынтық капиталы 279,2 млрд сомды құрап, жыл басынан бері 29,2 пайызға өсті. 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 216,1 млрд сом болған.
Банк секторы капиталындағы шетелдік қатысу үлесі 13,2 пайызды немесе 31,2 млрд сомды құрады. 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 16,5 пайыз немесе 26,6 млрд сом болған.
Айта кетейік, Қырғызстан мен Өзбекстан тауар айналымын 2 млрд долларға дейін арттыруды көздеп отыр.