Қырғызстан электр энергиясы тапшылығын қалай жоймақ

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің стратегиялық әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған республикалық кеңесте Қырғызстандағы энергия тапшылығын жою шараларын атап көрсетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Фото: Kazinform/ИИ

Жұмыс екі негізгі бағытта жүргізіледі:

* электр желілері мен инфрақұрылымды жаңғырту, электр өндіру қуатын арттыру және жаңартылатын энергия көздерін дамыту. Бұл салада Қамбар-Ата-1 су электр станциясы, Қара-Кече жылу электр станциясы және шағын және орта су электр станцияларын салу сияқты жобалар жүзеге асырылады;

* барлық күш-жігерді мұнай өнімдерінің тұрақты импортын қамтамасыз етуге және Қырғызстанда жанар-жағармай материалдарының өндірісін құруға шоғырландыру.

Садыр Жапаровтың айтуынша, билік өз күш-жігерін елдің сыртқы сын-тегеуріндерге тәуелділігін азайтуға және энергия мен отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге бағыттайды.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2030 жылдың соңына қарай ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімін 8%-ға жеткізуді мақсат еткені хабарланған еді.