Үкімет лицензиялау тәртібін енгізу арқылы бұл саланы заңдастырып, тексеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және бюджет кірісін молайтуға болады деп санайды.
Құжат кальян қызметін заңдастыру үшін бірқатар қатаң талапты орындауды міндеттейді. Атап айтқанда, мұндай қызметті тек арнайы лицензиясы бар және бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркелген мекемелер ғана көрсете алады. Олар бөлек залдармен жабдықталып, қуатты желдету жүйесін орнатуға және санитарлық талаптарды сақтауға тиіс.
Айта кетейік, Қырғызстанда 2025 жылғы желтоқсаннан бері құрамында никотин бар сұйықтық пайдаланылатын электронды темекілерді елге әкелуге уақытша тыйым салынған.
Бұған дейін билік бұл шектеуді тағы алты айға ұзартуды ұсынып отырғаны хабарланған еді.