Тиісті құжат қоғамдық талқылауға шығарылды.
Шектеу «Иркештам-автомобиль» және «Торугарт-автомобиль» өткізу бекеттеріне қолданылмайды. Ал «Кыргызкөмүр» ашық акционерлік қоғамына ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 2701 және 2702 кодтарына жататын көмірді Қырғызстанның мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттері арқылы автокөлікпен экспорттауға рұқсат етіледі.
Бұл шара ел ішінде көмір тапшылығын болдырмауға, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде бағаны тұрақтандыруға және көмірдің заңсыз тасымалына жол бермеуге бағытталған.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы маусымда Қырғызстан көмір экспорттауға салынған тыйымның мерзімін ұзартқан еді.
Сонымен қатар елде жанар-жағармай импорттаушыларға берілетін субсидия мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғаны хабарланған болатын.
Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың елдегі энергия тапшылығын жою шараларын қолға алғаны хабарланған болатын.