Кездесу барысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау мәселелері талқыланып, үкіметтік делегациялардың жұмыс топтарына екі мемлекеттің шекара сызығының бағытын одан әрі айқындау бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстанның 970 шақырымға жуық ортақ шекарасы бар. Соңғы бірнеше айда тараптар бір-бірінің аумағында кезегімен бірлескен мемлекеттік шекараны келісу бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар екі мемлекет арасындағы шекара сызығының 90 пайыздан астамын келісе алды.
Үкімет делегацияларының тең төрағаларының соңғы кездесуі қазан айының басында Тәжікстан Республикасының Бустон қаласында өтті.