Қырғызстан сайлау кезінде онлайн дауыс беру жүйесін енгізбекші

Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұл туралы халықаралық бақылаушылармен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Ел президентінің айтуынша, келесі парламент сайлауына онлайн дауыс беру жүйесін енгізу жоспарланған. Айтуынша, бұл шара сайлаушылардың қатысуын 40%-дан 80%-ға дейін арттырады.

— Бұрын партиялық тізімдегі бірден онға дейінгі орындар 1 миллион долларға дейін сатылатын. Кейбір депутаттар, тіпті сайлаушылармен сайлауалды кездесулерге қатыспаған, себебі олар тізімдегі орынды сатып алып, сайлаушы болған. Қазір сыбайлас жемқорлық схемалары жойылды. Президент сайлауына онлайн дауыс беру жүйесін енгізуге уақыт тапшы болып тұр. Бірақ оны келесі парламент сайлауына енгізуді жоспарлап отырмыз, — деді Садыр Жапаров.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан кеше Жоғарғы Кеңеске (Парламент) кезектен тыс сайлау өткізді, оның барысында жаңа қашықтан дауыс беру жүйесі кеңінен қолданылды. Дауыс беру процесі толығымен автоматтандырылды.

Бұған дейін біз Қырғызстанда Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы аяқталғанын хабарладық.

Артынша Қырғызстандағы парламент сайлауына қанша адам қатысқанын жаздық.