Қырғызстан шетелдік нөмірлері бар көліктерді заңдастыруға шақырады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Көлік құралдарын және жүргізуші персоналын тіркеу жөніндегі мемлекеттік агенттік тіркелмеген автокөліктердің иелерін заңдастыру рәсімін кешіктірмеуге және барлық қажетті құжатты дайындау үшін тиісті бөлімдерге алдын ала хабарласуға шақырады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыру бойынша ауқымды науқан жүргізіліп жатыр. 

Қырғыз Республикасының аумағына 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкелінген, шет мемлекеттердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар, құқық белгілейтін құжаттары жоқ және кедендік ресімдеуден өтпеген барлық көлік құралы заңдастыруға жатады. 

Заңдастырылған көлік құралдарына белгілі бір аймақтың мемлекеттік нөмірлері беріледі. Мұндай көліктер Қырғыз Республикасынан тысқары жерлерге иеліктен айыруға немесе әкетуге жатпайды, сондай-ақ оларды такси ретінде пайдалануға тыйым салынады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда БАҚ туралы жаңа заңға қол қойылғанын хабарлаған едік.