Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бейнеролигін жариялады

БІШКЕК. KAZINFORM – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді, оған 90 елден қатысушылар жиналады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Фото: Кабар

2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми промо-ролигі жарияланды.

Бұған дейін 60-тан астам ел VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатынын растағаны хабарланған болатын. 

Сондай-ақ, біз 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының талисманы ретінде қар барысы таңдалғанын хабарладық. 

Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты күшейтті. 

Қырғызстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің мәліметі бойынша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар жарыстары жеке спорт түрі ретінде өткізіледі.