Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 23:44-те болды. Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 137 шақырым және Нооката қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 127 шақырым қашықтықта тіркелді.
Тереңдігі - 10 км. Магнитудасы - 4,6 балл.
Қазіргі сәтке дейін жапа шеккендер туралы мәлімет түспеген. Құтқару қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Бұдан бұрын Каспий теңізінде екі рет жер сілкінгенін жазған едік.