АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда USDKG жобасы жұмысын тоқтатты, блокчейн желілері де жабылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
USDKG ресми сайтындағы хабарламаға сәйкес, бұл шешім Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 639-t бұйрығына сәйкес қабылданды.
USDKG токен иелері өз токендерін фиат валютасына немесе USDT-ге айырбастау үшін hello@usdkg.com мекенжайына хабарласа алатыны атап өтілді.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында Қырғызстан алтынға байланған және АҚШ долларына бекітілген сандық токен USDKG ұлттық стейблкоинін шығарған болатын.
Нұрлан Тұяқов
Низами атындағы ТМПУ түлегі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Ташкентте қазақ тілінде шығатын "Нұрлы жол" газетінде аудармашы, тілші болған. Қазіргі таңда Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде еңбек етіп келеді.