Депутаттың айтуынша, азаматтар өз өтініштерінде сағатына 50 шақырымнан жоғары жылдамдыққа жететін жеке көліктерді басқару мәселесін реттеуді сұрап отыр.
— Олар жүргізуші куәлігін беруді қозғалтқыш қуатымен емес, жеткен жылдамдықпен байланыстыруды сұрап отыр. Егер бұл жеке құрылғы 50 км/сағ жылдамдыққа жетсе, онда жүргізуші куәлігін талап ету және беру қажет. Қазір тіпті балалар скутер мен мопед мініп жүр. Мүлдем құқығы жоқтар да жүргізіп жатыр. Бұл тәртіпсіздік қазірдің өзінде жолдар мен тротуарларда орын алып келеді. Егер біз осыны елемесек, жағдай одан да жаман болады, оны ертең тоқтата алмаймыз. Қазір мопедті кез келген адам сатып алып, міне алады. Бұрын бұл сирек кездесетін жағдай болса, қазір үйреншікті жағдайға айналды, — деді депутат Жогорку Кенеш отырысында.
Халық депутаты президент пен үкімет өкілінен «Унаа» мемлекеттік мекемесіне жеке көліктерге жүргізуші куәлігін беру жүйесін әзірлеуді тапсыруды сұрады.
Осыған дейін Қырғызстанда алимент пен қарыз енді нотариус арқылы өндірілетіні белгілі болды.