БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан астанасының тұрғындары жергілікті уақытпен сағат 00:09-да жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы “Кабар” агенттігі хабарлайды.
Сейсмологиялық станциялар мәліметі бойынша зілзала ошағы елдің Қытаймен шекарасында, Ыстықкөл облысы аумағында болған. Бұл тұста дүмпу күші 7 балдан асқан.
Нарын мен Қаракөлде қатты дүмпулер сезілген. Бішкекте сезілуі 6 балл шамасында болған.
Агенттік ақпаратына сәйкес, азғантай уақыттан соң жер қайта сілкінген.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі сезілгенін жазған едік.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.