«Қырғызстан Аэропорттары» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ескі код 1974 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл өзгеріс инфрақұрылымды дамытудағы жаңа кезеңді және әуежайдың халықаралық мәртебесін арттыруды білдіреді.
— Шешімді халықаралық жүйедегі кодтарды өзгерту тәртібін реттейтін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) қабылдады. BSZ коды Манас әуежайына тиесілі және барлық жаһандық брондау және әуе тасымалы жүйелерінде қолданылады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қырғызстанда Цифрлық кодекс қабылданғаны туралы жазған едік.