ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістанда түнеген камаз көліктерінің жүргізушілері таңертеңмен Ақтөбеге жолға шықты.
Қырғызстан Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов су тасқыны орын алған өңірлерге арналған жүкті басқарып келді. Автокалонаны Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержанов қарсы алды.
Қазақстан Республикасының аумағында полиция қызметкерлерінің сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Гуманитарлық жүк Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы тасқын судан зардап зеккен халыққа арналған. Таңертеңмен гуманитарлық көмек тиелген 15 фура су тасқыны орын алған аймақтарға жолға шықты.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.