Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Фото: Қырғызстан Республикасы ҰҚМК

БІШКЕК. KAZINFORM – Жумгалбек Шабданбеков Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Тиісті жарлыққа Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров қол қойды.

16 ақпанда Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті Жумгалбек Шабданбековтің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымына кандидатурасын қолдады. 

Еске сала кетсек, 10 ақпанда Қамчыбек Ташиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылды.

ҰҚМК басшысының ауысуынан кейін төрағаның үш орынбасары қызметінен босатылды.

Қырғызстан президенті соңғы кадрлық шешімдер неден туындағанын түсіндірді.