62 қару-жарақ тәркіленді: ҰҚК 12 өңірде арнайы шара жүргізді

Фото: ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM — ҰҚК қыркүйек айында 62 қару-жарақ, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіледі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі шаралар қабылдап жатыр.

2025 жылғы қыркүйекте ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.

62 қару-жарақ, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

2022 жылғы қаңтарда ұрланған 10 қару-жарақ анықталды. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кетелік Ақмола облысында қару мен оқ-дәрілер табылған еді