Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.
Атап айтқанда, 15 қыркүйекте Арал ауданы, Кіші Арал теңізінің күн шығыс жақ бетіндегі су жағалауында рұқсатсыз балық аулап жүрген 41 және 46 жастағы 2 азамат ұсталып, қайықтарынан жалпы салмағы 118 келі көксерке, 24,5 келі сазан, 2,5 келі жайын, 37 келі табан, 103,5 келі торта балығы табылды. Тексеру барысында ұсталған азаматтар 900 метрлік жіп аумен балық аулағандары белгілі болып, анықталған аулау құралдары тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Егер де ұсталғандардың қылмыстық әрекеті дәлелденсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.